"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы мен Мектепалды сыныбында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!» атты тәрбиелік іс-әрекеті өткізілді.
Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ «Адал азамат – біртұтас тәрбие» құндылықтары негізінде елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, жауапкершілікті тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы білімдерін кеңейту;
• Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу;
• Ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа баулу;
• Патриоттық сезімдерін арттыру;
• «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында адалдыққа, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.





