2026 жылғы 15 маусымда «Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық акциясы» челленджі аясында оқушылар мектеп аумағын көркейту жұмыстарына белсенді қатысты.
2026 жылғы 15 маусымда «Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық акциясы» челленджі аясында оқушылар мектеп аумағын көркейту жұмыстарына белсенді қатысты.
«Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы мен мектепалды сыныптың ата-аналарымен өткізген тәрбие сағаты.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қауіпсіз балалық шақ»
Мақсаты: Балалардың өмір қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейту, қоршаған ортадағы қауіп-қатерлерді танып-білуге үйрету және олардың алдын алу жолдарын меңгерту. Балалардың өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастырып, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы дені сау, саналы және сақ ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.
Міндеттері: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру;
Үйде, көшеде, көлікте, ойын алаңында және білім беру ұйымында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйрету;
Жол қозғалысы ережелерінің қарапайым талаптарын меңгерту;
Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру;
Өрт қауіпсіздігі, электр құралдары мен тұрмыстық заттарды дұрыс пайдалану туралы түсінік беру;
Қауіпті жағдай туындағанда қорықпай, ересектерден көмек сұрауға баулу;
Сақтыққа, ұқыптылыққа, тәртіптілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу;
Қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
Тәрбие сағатының ұраны: «Қауіпсіздік сақталған жерде – қуаныш пен бақыт бар!»
Дәйексөз: «Қауіпсіздік – әр баланың бақытты балалық шағының кепілі.» 👶🌟
Күтілетін нәтиже:Балалар қауіпсіздік ережелерінің маңызын түсінеді, қауіпсіз және қауіпті әрекеттерді ажырата алады, өз өмірі мен денсаулығын қорғаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыланады.
10 экологиялық әдет акциясы Экологиялық мәдениет-әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады. Қарапайым экологиялық ережелерді сақтау табиғатты қорғауға, өмір сүру сапасын арттыруға және болашақ ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастыруға көмектеседі.
Мектебіміздің 1-11-сынып оқушылары жорыққа (походқа) шықты. Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін кеңейту, дене шынықтыру дағдыларын дамыту, ұжымдық қарым-қатынасты нығайту және табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету жоспары аясында "Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері" Мақсаты: Ата-аналардың цифрлық қауіпсіздік саласындағы құзыреттілігін дамыту, цифрлық қауіпсіздіктің әсерін түсіну, онлайн-зорлықты тану және алдын алу дағдыларын қалыптастыру
АПҚО жоспары аясында ата-аналар жиналысы өтті. "Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі" Мақсаты: Ата-аналардың цифрлық қауіпсіздік саласындағы функционалдық құзыреттерін дамыту, бұл жасөспірімдерді онлайн ортада тиімді қолдап, қорғауға мүмкіндік береді.
Жазғы демалыс кезіндегі спорттық ойындар жоспары аясында 2-4- сынып оқушылары арасында жарыс өтті.
Жазғы демалыс кезіндегі спорттық ойындар жоспары аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
«Қош, балауса бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі. Мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. А әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатар бастауыш мектептің білім мен тәрбие беруде орны ерекше.Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай шәкірттерім бүгін міне, төрт жыл бойы алған білімдерінің арқасында, еліміздің білімді бір азаматтары болып отыр.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
5-күн – «Мәдениет күні».Жазғы сауықтыру алаңында «Мәдениет күні» аталып өтіп, оқушылар ұлттық құндылықтармен танысып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.Қабылдау жұмыстары жүргізіліп, балалар көтеріңкі көңіл-күймен күнді бастады.Бой жазу жаттығулары арқылы сергектік пен белсенділікке бағытталған қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды.Ұлттық ойындар барысында оқушылар халқымыздың салт-дәстүрімен танысып, ептілік пен тапқырлықтарын көрсетті.«Досыма хат» шығармашылық жұмысында балалар достарына ізгі тілектерін арнап, әсерлі хаттар жазды.«Ертегілер еліне саяхат» іс-шарасында оқушылар сүйікті ертегілер кейіпкерлерімен танысып, қызықты тапсырмалар орындап, қиял әлеміне саяхат жасады.
3-күн – «Денсаулық және спорт күні». Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға және спортқа деген қызығушылығын арттыруға арналды.«Шымыр бала» қабылдауы ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.Психологиялық тренингте балалар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бір-біріне жақсы тілектер айтып, жағымды эмоциялармен бөлісті.«Денсаулық бұрышы» шығармашылық жұмысында оқушылар денсаулықтың маңыздылығын суреттер мен постерлер арқылы бейнеледі. «Дәрумендер әлемі» викториналық сұрақтары арқылы балалар пайдалы тағамдар мен дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы білімдерін толықтырды.
Жазғы сауықтыру алаңының 2-күні – "Шығармашылық күні!" Лагерьде балалар қызықты әрі көңілді күн өткізді. Күн психологиялық тренингтен басталып, бой жазу жаттығуларымен жалғасты. «Бояулар сыры» шығармашылық сағатында балалар өз қиялдарын сурет арқылы бейнеледі. «Қозғалыс пен әуен» флешмобында би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары балалардың белсенділігін арттырды. Ал «Ән салайық бірге!» бөлімінде жаңа ән үйреніп, барлығы бірге әсем ән шырқады. Күн қызықты әсерлерге, көтеріңкі көңіл-күйге және шығармашылыққа толы болды!