Коммунальное государственное учреждение «Озерная общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы мен мектепалды сыныбында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы мен мектепалды сыныбында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Тақырыбы: «Балалар – біздің болашағымыз!»

Мақсаты: Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы түсініктерін кеңейту, әр баланың бақытты балалық шаққа, білім алуға, демалуға және жан-жақты дамуға құқығы бар екенін ұғындыру. Балалардың бойында достық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін қалыптастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Міндеттері: Балаларға Халықаралық балаларды қорғау күнінің маңызын түсіндіру;

Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

Балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;

Бір-біріне қамқор болуға, достық пен татулықты бағалауға тәрбиелеу;

Қимылды ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігін арттыру;

Балалардың өз ойларын еркін жеткізуіне жағдай жасау; Көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік атмосфера қалыптастыру; Салауатты өмір салтын насихаттау.