«Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

"Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы дамудың негізгі бағыттары" ашық есік күні

Мектепалды даярлық сынып және "Балапан" шағын орталығында ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында тәрбиешілер балалардың оқу тәрбие процесімен, сабақ барысымен және сыныптағы жағдайымен таныстырды. Тәрбиешілер ашық сабақтарға қатысып, балалардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, мектепке бейімделу деңгейін бақылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, балалар өз өнерлерін көрсетіп, ойындарға қатысты.