«Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Консультациялық пункттің семинар–шеберлік ашық сабақ топтамасы Тақырып: «Санаққа үйрету»

Консультациялық пункттің семинар–шеберлік ашық сабақ топтамасы

Тақырып: «Санаққа үйрету»

Тақырыпша: «Көктем сыйы» (сөйлеуді дамыту және басқа да білім беру салаларымен кіріктірілген, мұғалім мен ата-ананың қалауы бойынша)

Мақсаты:Балаларды көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейте отырып, ойын арқылы санауға, салыстыруға, түстерді ажыратуға, сөйлеу тілін дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге үйрету. Ата-аналар мен педагогтердің бірлескен жұмысын ұйымдастыру арқылы баланың танымдық белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

• Балаларды 1–5 көлемінде санауға, заттарды салыстыруға үйрету;

• Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту;

 • Түстерді, пішіндерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;

• Сөйлеу тілін, сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту;

• Ұсақ қол моторикасын, есте сақтау және зейін қабілеттерін жетілдіру;

 • Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;

• Ата-аналарды баламен бірлескен дамытушы ойындарға тарту;

• Педагогтер арасында тәжірибе алмасу және тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету.