Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
«Озерный жалпы орта білім беру мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Х А Т Т А М А №2
26.12.2017 жыл
Қатысқандар саны-13
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:
Қамқоршылық кеңестің 2017 жылында атқарған жұмыстарының есебі.
Т Ы Ң Д А Л Д Ы:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Н.Н.Курмангожин сөз сөйлеп, ҚР «Білім және ғылым министірлігінің, «Әлеуметтік мәдени сауықтыру және дамыту жұмыстары туралы» Заңына сәйкес мектебімізде Қамқоршылық кеңесі құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілгендігіне, әлеуметтік тізімде тұратын оқушылардың сабаққа қатысуы мен сапалы білім алуына жыл бойы бақылау жасалғандығына және аз қамтылған отбасы балаларын Жалпыға білім беру қорынан бөлінген қаржыға бір мезгіл ыстық тамақ қамтамасыз ету ісінде мектеп асханасының дұрыс жұмыс жасауын жолға қоюда біршама жұмыстар жүргізілгендігіне тоқталды.
«Мектепке жол» акция аясында жергілікті әкімнің Дарменов М.З. жеке көмегі 5000 теңге көлемінде әлеуметтік жағдайы төмен Біркенов А. отбасы балаларына оқу құралдарын әперді. ТОО «Астық қоймалары №4» көпбалалы Байзакова Р. отбасына 5 000 теңге оқу құралдарын алуға берілді.
Оқушылардың жазғы демалыс уақытында аудандық «Лесная поляна» лагеріне демалуға мұғалімдер тарапынан 12500 теңге, ТОО «Атамекен Агро» 50000 теңге демеушілік көмек көрсетіліп, оқушыларымыз демалып қайтты.
Жаңа жыл қарсаңында мектеп оқушыларына ТОО «Астық қоймалары №4» директоры Хайруллин Қ.Ж. жеке көмегі ретінде 30 000 теңге, ТОО «Атамекен Агро» 10000 теңге, жеке кәсіпкерлер Сакенов Ж. 5000 теңге, Нургожина С. 2000 теңге, Мамбетеева Т. 4000 теңге, Мамедов В. 3000 теңге, Ержанов Ж. 2000 теңге, Стабаева Т. 3000 теңге қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаржы оқушылардың сыйлықтарына және шыршаны безендіруге жұмсалды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне алғыс айтылды.
Қ А У Л Ы:
- Қамқоршылық кеңесінің мәліметі есепке алынып, қамқоршылық кеңесі жұмысы жалғастырылсын.
Комиссия мүшелері:
- Сакенова К. – кеңес төрайымы
- Ибраев Т. - кеңес мүшесі
- Байзакова Р. - кеңес мүшесі
- Мамбетеева Т. – кеңес мүшесі
- Нурсеитов А. - кеңес мүшесі
- Тимошенко В. - кеңес мүшесі
- Имашева А. - кеңес мүшесі
- Краснова Е. - кеңес мүшесі
- Ержанова Г. – кеңес хатшысы