"Аңдар достығы"
29.12.2017ж. Шағын орталықта «Аңдар достығы» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Ән орындау, би билеу, тақпақ айту арқылы балалар шығармашылық өнерлерін көрсетті. Ертеңгіліктің бір ерекшелігі ата-аналар аңдар болып киініп, балаларының сүйіп көретін ертегілерін сахналады. Безендірілген зал мен мерекелік музыка балалардың көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына көп ықпал етті.