2 қыркүйек - Білім күні!
2 қыркүйек – білім күні мектебімізде салтанатты жиын Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конститутциясы күніне арналып, оған ауыл әкімі М.Дарменов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Байдильдин, ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты. Қатысушылар өз тараптарынан жылы лебіздерін білдіріп, құттықтаулар айтылды.
Биылғы оқу жылында 1 сыныпқа 12 оқушы келіп отыр, барлық келген 12 оқушыға салтанатты түрде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан сыйлық «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы тапсырылды.
Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 11 сынып оқушысы Зікриянов Аңсар мен 1 сынып оқушысы Қасымхан Арунаға берілді. Мектептің сүйікті әуені –қоңырау сыңғыры барлық оқушыларды алғашқы сабаққа шақырды.