Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең жолдарымен 25 мамыр күні "Озерный жалпы орта білім беру мектебі" КММ «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиын болып өтті.
Алғашқы болып сөз алған мектеп директоры Н.Құрманғожин мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған жұртшылықты соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап түлектерге сәт сапар тіледі.
Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас шыбықтар 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқып сыйлықтарын табыс етті. Мереке соңына қарай ата – аналар сөз кезегін алып ұстаздарға ізгі тілектерін, ризашылықтарын білдірді. Соңғы соңырау соғу рәсімі 11- сынып оқушысы Уалиева Зухра және 1- сынып оқушысы табыс етілді. Мерекелік жиын өте жақсы дәрежеде өтті.