"Отбасы - алтын бесік" тәрбие сағаты
04.05.2019 ж. "Озерный жалпы орта білім беру мектебі" КММ "Отбасы сағаты" республикалық акциясы аясында бастауыш сыныптарда бастауыш сынып мұғалімі Касымханова М.М. "Отбасы - алтын бесік" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты ата-аналар мен оқушылар арасында сайыс түрінде өтті. Сайыста әр топ өзін таныстырып, салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ситуациялық жағдаяттарды шешіп, топтастыру жұмыстарын орындап, қорғады. Тәрбие сағатын музыкалық сәлемдемемен аяқтады.