"Ата-баба дәстүрі - асыл мұра" атты тәрбие сағаты
11.04.2019 ж. "Озерный ЖОББМ" КММ бастауыш сынып мұғалімі Тұлымбаева С.Қ. 4 сыныпта Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша "Ата-баба дәстүрі - асыл мұра" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты өз халқымыздың дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтей білуге тәрбиелеу. Әже өнегесі арқылы балалар салт-дәстүрлердің бірнеше түрлерімен танысып, көп мағлұмат алды. "Қазақтың дәстүрлері-ай" әні орындалып, бата айтылды.Тәрбие сағаты ұтымды өтті.