«Отбасы татулығы» ашық сабақ
2019 жылдың 12 ақпанында «Озерный жалпы орта білім беру мектебі» КММ 5 «А» сыныпта «Отбасы татулығы» тақырыбында Дарменова Куаныш Маратқызы ашық сабақ өткізді. Сабақтың өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Мұғалім сыйы», «Дәйек сөздерді талдау», «Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс», «Топпен ән айту», «Кері байланыс» оқушылардың дамытушы ортаны құруға көп ықпалын тигізді. Сабақ барысында оқушылар отбастарына деген сүйіспеншіліктерін, мейірімдерін, қамқорлықтарын,жанашырлықтарын т.б. жақсы қасиеттерін көрсете білді.