«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы
Озерный жалпы орта білім бері мектебінде 11 ақпан күні 2-4 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс – шаралары, еліміздегі адамгершілік – рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, «Өзін – өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл – қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.