ҚР Президенті жолдауына «Озерный жалпы орта білім беру мектебі» КММ «Планемид» балалар ұйымының пікірлері
9 сынып оқушысы: Есенгалиева Гүлсүм
Бүгінде мемлекет тарапынан жаңа мамандық алу үшін барлық жағдай жасалған. Оқимын, қосымша мамандық аламын десеңіз жергілікті әкімдік арнайы семинарлар мен курстарды тегін өткізеді. Сол арқылы өз өңіріңізге қажетті жаңа мамандық алуға болады. Сондай-ақ кәсіптік-техникалық мектептерде білім тегін беріледі. Олар даярлайтын мамандықтар барлық мекемеге қажет. Әлбетте, адам өзінің білімін жаңа сатыға көтеруге әрдайым дайын болуы, оған өзі ынталануы керек. Әйтпесе қазіргі өзгерістерге ілесе алмай қалып қояды.. Биылғы Жолдауды «100 нақты қадам», үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Рухани жаңғыру» сияқты ауқымды бағдарламаларда көрсетілген бағыттардың жалғасы деп қарауымыз керек. Әрине, заман өзгерген соң біз де өзгеруіміз керек. Адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі межеміз. Адами капитал арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы өзгерістер жасап, алпауыт елдер санатына қосылуға болады.
Мен мемлекетімізбен, жасампаздық жолында үлкен міндеттерді шеше алған тәуелсіз Қазақстанымызбен мақтанамымын!
11 сынып оқушысы: Шахуаданов Манас
Елбасының 2018 жылғы жолдауы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталады. Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол - цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алды. Цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі.Президенттің негізгі түйіні сол, қазіргі кезде кез келген саланы цифрлық теxнологиялардың негізінде дамыту қажет. Соның арқасында жұмыстың сапасы артады.
Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болмақ...