"Өз өзіңді танып біл" тренинг
25- желтоқсан Халықаралық психологтар күніне орай Озерный жалпы орта білім беру мектебінде оқушылар арасында іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларда сынып ұжымдарын біріктіру, қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау мақсаттары бойынша тренингтер ұйымдастырылып, осы күнге оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеп, шығармашылық әрекеттерін шыңдап, белсенділік танытты.