Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдану - әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүйелі орындап, жандандыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген Озерный орта мектебінің ұландары қашанда игі бастамаларды қолдап, ұйымдастыруға ат салысып жүреді. Болашақты бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымы көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өз мәртебесінде өтті.
Салтанатты жиын барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру әрбір өз елінің азаматы парыз деп есептеп, өнегелі қасиеттерді дәріптеу болса, Жас Ұлан ұйымының мүшесі –Отанына адал, еңбекқор, Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші екнін айтып, Жас Ұлан ұйымының Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук және төсбелгілері туралы насихаттап, 5сынып оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданса, 1 сынып оқушылары «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері салтанатты түрде галстук тағып, төсбелгілерін ұсынды.
Мектеп директоры Құрманғожин Нұрлан Ниязбекұлы мектеп оқушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, өз сөзін қортындылады.